Әрбір ЖОО емтихан тапсыру форматын және күнін өзі белгілейді.
Фото: Национальный центр тестирования
Арнаулы емтихандар 20 маусым мен 20 тамыз аралығында жоғары оқу орындарында онлайн немесе офлайн форматта өткізіледі. Әрбір ЖОО емтихан тапсыру форматын және күнін өзі белгілейді.
"Арнаулы емтихан грант конкурсына қатысу үшін де, ақылы оқуға тапсыру үшін де міндетті емтихан болып есептеледі, яғни грант конкурсына қатысуға ниет білдірсеңіз, арнаулы емтиханды грант конкурсына құжат өткізгенге дейін тапсыру керек", – делінген хабарламада.
Арнаулы емтиханды кез-келген ЖОО-да тапсыруға болады. Емтихан "өтті" немесе "өтпеді" деген нысанда бағаланады. Нәтижелері емтихан өткізілген күні жарияланады.
Педагогикалық мамандыққа да, медициналық мамандыққа да тапсыруға ниетті талапкерлер арнаулы емтиханды педагогикалық бағыт бойынша да, медициналық бағыт бойынша да тапсыру керек.
Арнаулы емтиханды онлайн форматта өткізетін жоғары оқу орындарының тізімі ҰТО телеграм-каналында жарияланған.
Қосымша сұрақ болған жағдайда ЖОО-лардың қабылдау комиссияларына хабарласуға болады.


