Министрліктің мәліметінше, жаңа мерзімдер ата-аналар мен болашақ бірінші сынып оқушылары үшін анағұрлым қолайлы болмақ.
Фото: Zakon.kz
ERNUR.KZ. Қазақстанда оқушыларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін құжат тапсыру мерзімі өзгертілді, деп жазады zakon.kz.
Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді.
"Биылдан бастап бірінші сыныпқа құжат тапсыру мерзімдері қайта қарастырылды. Бұл өзгеріс құжат тапсыру процесін сапалы әрі тиімді ұйымдастыру мақсатында енгізілген. Бұған дейін құжаттар 1 сәуірден қабылданатын, бірақ дәл сол уақытта мектептерде сабақ процесі жүріп жататыны белгілі. Сол себепті кейде мектеп басшылығы, мұғалімдер және ақпараттық технологиялар саласының мамандары оқу процесімен қатар құжат қабылдау жұмыстарын жүргізуге мәжбүр болып, процесс тиімді болмай жататын. Осыған байланысты биыл бірінші сыныпқа құжат тапсыру мерзімі өзгертілді: құжат қабылдау 27 мамыр сәрсенбіден басталып, 31 тамызға дейін жүргізіледі" , деді Жұлдыз Сүлейменова.
Министрліктің мәліметінше, жаңа мерзімдер ата-аналар мен болашақ бірінші сынып оқушылары үшін анағұрлым қолайлы болмақ.
"Қазіргі уақытта жүйе бірнеше рет тестілеуден өтуде. Сондай-ақ барлық ата-аналардың мүддесін ескеретін ыңғайлы кесте әзірленді. Қосымша ақпарат кейінірек ұсынылады", – деп толықтырды министр.


