Қазақстан Президенті Норвегия королінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

0
201


Қазақстан Президенті Норвегия королінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Фото: Ақорда баспасөз қызметі/kongehuset.no

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Норвегия Норвегия королі V Харальдтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Норвегия королі VIII Хоконға әкесінің дүниеден өтуіне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

"Король V Харальд Норвегияның бірлігі мен рухын, жарқын жетістіктерін паш еткен көрнекті мемлекет қайраткері болды. Ұлы Мәртебелі ұзақ жылдар бойы абыройлы билік құрып, дана әрі адал басшы ретінде еліне қалтқысыз қызмет етті. Халқына ұдайы қамқор болып, қалың бұқараның құрметі мен ықыласына бөленді", – делінген жеделхатта.