Қазақстан Президенті мен Иордания Королі «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды

0
87

АХҚО негізі қаланған сәттен бері 17 миллиард доллардан астам инвестиция тартқан.


Қазақстан Президенті мен Иордания Королі «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейн Астана халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) аралап көрді.

Басқарушы Ренат Бектұров мәртебелі меймандарды Орталық қызметінің нәтижелерімен, АХҚО сотының, Халықаралық төрелік орталығының, Қаржы қызметін реттеу комитетінің және АХҚО биржасының ерекшеліктерімен, сондай-ақ бірегей корпоративтік «Сенім музейінің» жұмысымен таныстырды.

АХҚО негізі қаланған сәттен бері 17 миллиард доллардан астам инвестиция тартқан. Орталыққа 85 елдің 4200-ден астам компаниясы резидент ретінде тіркелді.