Қазақстан мен Өзбекстан президенттері бейресми кездесу өткізеді

0
95

Мемлекеттер басшылары екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайту перспективасын талқылайды.


Қазақстан мен Өзбекстан президенттері бейресми кездесу өткізеді

фото: Акорда

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері бейресми кездесу өткізеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"11 сәуірде Бұхара қаласында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді", - деп жазылған хабарламада.
Мемлекеттер басшылары екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайту перспективасын, сондай-ақ өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылауды жоспарлап отыр.