Қазақстан мен Қытай жүргізуші куәліктерін өзара тану туралы келісімге келді

0
112

Азаматтар екінші елдің аумағында жеңіл автокөліктерді басқару үшін өздерінің ұлттық жүргізуші куәліктерін пайдалана алады.


Қазақстан мен Қытай жүргізуші куәліктерін өзара тану туралы келісімге келді

фото: Ішкі істер министрлігінің ведомстволық сайты

ERNUR.KZ. Қазақстан мен Қытай азаматтарының ұлттық жүргізуші куәліктерін өзара тану және айырбастау жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді, деп жазады sputnik.kz.

Келісімге ІІМ басшысының Бейжіңге жұмыс сапары кезінде қол жеткізілді. Құжат күшіне енген соң екі елдің азаматтары жүргізуші куәліктерін қайта оқытудан және біліктілік емтихандарын тапсырудан өтпестен ауыстыра алады.

Азаматтар екінші елдің аумағында жеңіл автокөліктерді басқару үшін өздерінің ұлттық жүргізуші куәліктерін пайдалана алады.
Сапар барысында "Қорғас" аумағында қауіпсіздік пен құқық тәртібін қамтамасыз ету туралы келісімге де қол қойылды.
"Келісім екі елдің құзыретті органдарының өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды. Бұл құқық бұзушылықтардың алдын алуға, туындайтын қатерлерге жедел ден қоюға және халықаралық орталық аумағында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.
Қол жеткізілген уағдаластықтар Қазақстан мен Қытайдың қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығын одан әрі дамытуға және ортақ мәселелерді шешуге бағытталған.