"Қазақстан "мамбеттерімен" танымал": Желіде қазақстандықтарды келемеждеген әйелдің ісі сотқа жолданды

0
96

Іс Қазыбек би аудандық қылмыстық істер сотында қаралады, негізгі сот отырысы 14 қазанға белгіленген.​


Фото: Әлеуметтік желіден
ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде қазақстандықтардың ар-намысына тиетін жазба қалдырған қарағандылық әйелдің ісі сотқа жолданды, деп жазады Stan.kz.



Қарағандылық Алика Мұхамадиеваға қатысты іс сотқа "әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік немесе діни алауыздықты қоздыру" бабы бойынша жолданған. Бұл бапқа сәйкес 2000 АЕК-тен (7 864 000 теңге) 7000 АЕК-ке (27 524 000теңге) дейін айыппұл салу немесе екіден жеті жылға дейін бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазалары қарастырылған.

Іс Қазыбек би аудандық қылмыстық істер сотында қаралады, негізгі сот отырысы 14 қазанға белгіленген.