Қазақстан Әзербайжанға балық пен балды жаңа сертификаттар бойынша экспорттайды

0
107

Ветеринариялық және санитарлық қауіпсіздік органдарының бірлескен жұмысы мемлекеттер арасындағы сенім мен өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін көрсетеді.


Қазақстан Әзербайжанға балық пен балды жаңа сертификаттар бойынша экспорттайды

фото: СС0 / Hanjörg Scherzer

ERNUR.KZ. Қазақстан мен Әзербайжан ветеринариялық сертификаттардың нысандары жөнінде келісті. Оған сәйкес Әзербайжанға қазақстандық балық пен балық өнімдері, сондай-ақ бал және бал өнімдері экспортталады, деп жазады sputnik.kz.
"Сертификаттар екі елдің құзырлы ветеринарлық қызметтері арасындағы ресми келіссөздер барысында әзірленіп келісілді", - делінген хабарламада.
Ветеринариялық сертификаттардың нысандарын сәйкестендіру Қазақстанның тауар өндірушілеріне Әзербайжанның перспективалық нарығына шығуға, экспорттық географиясын кеңейтуге және шығарылатын өнімдердің халықаралық ветеринариялық талаптарға сәйкестігін растауға мүмкіндік береді, деп хабарлады министрліктегілер.
Ведомство хабарлауынша, Ветеринариялық және санитарлық қауіпсіздік органдарының бірлескен жұмысы мемлекеттер арасындағы сенім мен өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін көрсетеді.