Ол Қарағанды облысының Ақтүбек ауылында 1957 жылы дүниеге келген.
Фото: instagram.com/ermaganbetbulekpaev
ERNUR.KZ. Театр мен кино өнерінің көрнекті тұлғасы Қайрат Кемалов 69 жасында өмірден озды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Ол Қарағанды облысының Ақтүбек ауылында 1957 жылы дүниеге келген.
Кеңес дәуірінің және қазіргі Қазақстанның театр және кино актері; 2006 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағына ие болған.
1978 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясы, театр факультетін тәмамдаған.
1978-1980 жж. – Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында өнер көрсеткен.
1980 жылдан бастап Қарағанды облыстық қазақ драма театрында қызмет етеді
Қарағандыдағы Сәкен Сейфуллин атындағы театр сахнасында Кемалов классикалық және заманауи пьесаларда ойнады:
- Абай, Арыстан (М. Әуезов);
- Отелло (У. Шекспир);
- Бәйдібек би (Ш.Мұртаза).
«Қазақ хандығы» сериялы фильмі (2016, 2019): Керей хан рөлінде бағаланды.
«Ақ боз үй» (2019): Смағұл Елубайдың романы негізінде түсірілді. Кемалов мұнда Пахраддин бидің рөлін сомдап, халықаралық деңгейде танылды.
- 2001-2002 жж.: Мәдениет министрлігінің Құрмет грамоталары;
- 2006 ж.: «Мәдениет қайраткері», «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атақтары;
- «Тұлпар» ұлттық кино жүлдесі – «Қазақ хандығы» фильміндегі Керей хан рөлі үшін;
- Қарағанды облысының әкімінің «Салаға адал қызметі үшін» арнайы сыйлығы;
- 2024 ж. қазанда «Парасат» орденімен марапатталды;
2022 жылы Түркиядағы (Бурса) «Коркыт Ата» фестивалінде «Ақ боз үй» фильміндегі рөлі үшін «Үздік ер адам» номинациясын жеңіп алды.
2024/2025 жж., Камерун (YARHA Festival): Пахраддин рөлі үшін тағы бір мәрте «Үздік ер адам» атағын жеңіп алды.