Қасым-Жомарт Тоқаевқа ЮНЕСКО Бас директорынан хат келді

0
75

Халед әл-Анани ұйымның білім, ғылым, мәдениет, коммуникация және ақпарат салаларындағы негізгі басымдықтарын жүзеге асыруға бейілдігін атап өтті.


Қасым-Жомарт Тоқаевқа ЮНЕСКО Бас директорынан хат келді

Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысына ЮНЕСКО Бас директорынан хат келіп түсті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ЮНЕСКО Бас директоры Халед әл-Анани хатында осы жоғары лауазымға тағайындалуымен арнайы құттықтағаны үшін президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірген.

Халед әл-Анани ұйымның білім, ғылым, мәдениет, коммуникация және ақпарат салаларындағы негізгі басымдықтарын жүзеге асыруға бейілдігін атап өтті.

Сонымен қатар ЮНЕСКО Бас директоры ортақ құндылықтарды ілгерілету жолында Қазақстанмен тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға әзір екенін растады.