Қарасай ауданында жоғалып кеткен ер адам өлі табылды

0
121

Шалтабаев Фархад Тұрарбекұлы 4 қарашада жоғалып кеткен.


Қарасай ауданында жоғалып кеткен ер адам өлі табылды

instagram/volontery_almaty_lider.kz

ERNUR.KZ. Қарасай ауданында жоғалып кеткен 56 жастағы ер адам өлі табылды. Бұған дейін ол туралы ақпарат Lider.kz еріктілерінің Instagram-парақшасында жарияланған еді, деп жазады tengrinews.kz.

Шалтабаев Фархад Тұрарбекұлы 4 қарашада жоғалып кеткен. Ол сағат 11-лерде Қарасай ауданы, Қырғауылды ауылы, Тұлпар көшесі, 19Б үйінен шығып кеткен.

Белгілері: бойы 165–170 сантиметр, дене бітімі орташа, шашы сұр, қысқа, көзі қоңыр. Үстінде қара спорттық киім, көк аяқкиім болған.

Еріктілердің мәліметінше, ер адамның денесі 11 қарашада табылған. Өлімнің нақты себебін сараптама анықтайды.