ТЖМ құтқарушылары жасөспірімдерге көмекке келді.
Фото: Видеодан скрин
ERNUR.KZ. Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданындағы гараж артындағы аумақта 2010 және 2013 жылы туған екі қыз бала батпақты жерге батып, шыға алмай қалған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Қыздардың айтуынша, олар жолды қысқартпақ болып, абайсызда батпақты жерге кіріп кеткен.
Оқиға орнына ТЖМ Жедел-құтқару жасағы жедел келіп екі қыз баланы батпақтан аман-есен шығарды. Кейін құтқарушылар балаларды үйлеріне жеткізді.
«Зардап шеккендер жоқ, медициналық көмек қажет болған жоқ», – делінген ТЖМ хабарламасында.


