Қарағандыда із-түзсіз жоғалып кеткен 87 жастағы әжейдің мәйіті табылды

0
89

​Ол 21 наурыз күні үйінен шығып кеткен.


Қарағандыда із-түзсіз жоғалып кеткен 87 жастағы әжейдің мәйіті табылды

Фото: instagram.com/rozysk_karagandy_rinakz

ERNUR.KZ. 21 наурызда жоғалып кеткен Қарағанды қаласының 87 жастағы тұрғыны өлі күйінде табылды. Бұл туралы еріктілер хабарлады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Еріктілер әйелдің мәйіті қандай жағдайда табылғанын нақтылаған жоқ. Белгілі болғандай, Надежда Филипенко 1938 жылы туған.

Ол 21 наурыз күні Пичугин көшесіндегі үйінен белгісіз бағытта шығып кетіп, содан бері хабар-ошарсыз кеткен болатын.