Алдын ала мәлімет бойынша, ол өзіне тіркелген қарудан өз-өзіне қол жұмсаған.
ERNUR.KZ. Қарағанды облысында әйел мен баланы өлтірді деген күдікті өлі табылды, деп жазады tengrinews.kz.
Полиция мәліметінше, криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Ақтоғай ауданынан күдіктінің денесін тапқан. Алдын ала мәлімет бойынша, ол өзіне тіркелген қарудан өз-өзіне қол жұмсаған.
Еске салайық, қайғылы оқиға 26 наурызда Қарағандыда болған. Крылов көшесіндегі пәтерлердің бірінен 38 жастағы әйел мен оның 12 жастағы қызы өлі табылды.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр. Құқық қорғау органдары оқиғаның егжей-тегжейін анықтап, қайғылы жағдайдың толық мән-жайын анықтап жатыр.


