Қарағанды облысында өртенген үйден мәйіт табылды

0
109

Өртенген екі қабатты үйде барлығы 17 адам тұрған.


Қарағанды облысында өртенген үйден мәйіт табылды

фото: Sputnik / Табылды Кадырбеков

ERNUR.KZ. Қарағанды облысында өрт шыққан үйден бір адамның мәйіті табылды, деп жазады sputnik.kz.
Өрт 11 тамызда Мойынты кентінде екі қабатты сегіз пәтерлі тұрғын үйден шыққан.

Салдарынан шатырдың ағаш торламасы, терезе мен есіктер, сондай-ақ алты пәтердің ішіндегі үй заттары мен жиһаздары жанған. Құтқарушылар пәтерлердің бірінен 27 литрлік газ баллонын алып шықты.

Өрт кезінде пәтерлердің біріндегі 80 шаршы метр аумақтағы төбенің бір бөлігі опырылып түскен. Өрт сөндірілгеннен кейін құтқарушылар үйінділердің астынан адам қалдықтарын тапты. Оның кім екенін анықтау үшін сот-медициналық және генетикалық сараптамалар тағайындалды.

Үйде барлығы 17 адам тұрған. Қазіргі уақытта тұрғындар туыстарының үйлеріне орналастырылған.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.