Оқыс оқиға «Қарағанды — Ақадыр» теміржол учаскесінің «Қарағанөзек — Қарабас» аралығындағы болған.
Фото: ҚТЖ
ERNUR.KZ. Қарағанды маңындағы теміржолда екі жасар бала жүк пойызының астына түсіп қалды. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр, деп жазады inform.kz.
Оқыс оқиға «Қарағанды — Ақадыр» теміржол учаскесінің «Қарағанөзек — Қарабас» аралығындағы болған.
Зардап шеккен бала ауыр жағдайда облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.
— Бала ауыр халде облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, жансақтау бөліміне жатқызылды, — деп мәлімдеді Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі де оқиғаға қатысты пікір білдірді.
— 2025 жылғы 1 маусым күні сағат 11:47–де «Қарағанды — Ақадыр» учаскесінің «Қарағанөзек — Қарабас» аралығында екі жасар баланың теміржол жолына шығып кетуіне байланысты жүк пойызының машинисі шұғыл тежегіш қолданды. Зардап шеккен баланы ата-анасы Қарағанды қалалық балалар ауруханасына жеткізді, — делінген хабарламада.
Оқиғадан кейін ақпарат «Қарағанды-Сортировочная» стансасындағы желілік полиция бөлімшесіне берілді.