Қарағанды облысында банк қызметкері зейнеткерлерді алдады деген күдікке ілінді

0
82

Жәбірленуші бұған дейін банкке несие рәсімдеу үшін жүгініп, қажетті құжаттарын тапсырған.


Қарағанды облысында банк қызметкері зейнеткерлерді алдады деген күдікке ілінді

фото: СС0 / truthseeker08

ERNUR.KZ. Қарағанды облысында бұрынғы банк қызметкері зейнеткерлерді алдады деген күдікке ілінді, деп жазады sputnik.kz.
Полицияға 67 жастағы зейнеткер әйел жүгініп, белгісіз алам оның атына шамамен 1,5 миллион теңге көлемінде несие рәсімдегенін хабарлаған.
Қылмыстық іс қозғалып, жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілді. Нәтижесінде осы іске қатысы бар 36 жастағы бұрынғы банк менеджері анықталды.
Жәбірленуші бұған дейін банкке несие рәсімдеу үшін жүгініп, қажетті құжаттарын тапсырған. Күдікті сол деректерді пайдаланып, оның атына несие рәсімдеген, алайда әйелге несие мақұлданбағаны туралы жалған ақпарат берген. Ал мақұлданған қаражатты өз шоттарына аударып жіберген.
"Қазіргі уақытта барлық жәбірленушілердің егде жастағы азаматтар екені анықталды. Сонымен қатар, полицияға күдіктінің әрекеттеріне байланысты тағы алты арыз түскен. Келтірілген жалпы шығын көлемі нақтылануда", - дейді Қарағанды облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қуаныш Орынбетов.
Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.