Қапшағай су қоймасында гидроскутер мінген 2 азамат құтқарылды

0
116

Гидроскутердің жанармайы таусылып, екі азамат жағалауға өздігінен қайта алмаған.


Қапшағай су қоймасында гидроскутер мінген 2 азамат құтқарылды

Фото: Бейнежазбадан

ERNUR.KZ. Алматы облысында Қапшағай су қоймасында гидроскутер мінген екі азамат жағалауға қайта алмай қалған. Оларды Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары жағаға жеткізді, деп жазады inbusiness.kz.

Оқиға туралы Алматы облысының "112" пультіне Қапшағай су қоймасының солтүстік жағалауындағы "Алматинская" демалыс аймағында гидроскутер жалға алған екі азаматтың жағалауға оралмағаны туралы хабарлама түскен.

Құтқарушылар іздестіру жұмыстарын жүргізіп, екі азаматты тапқан. Белгілі болғандай, серуендеу кезінде гидроскутердің жанармайы таусылып, олар өздігінен жағаға қайта алмаған.

Құтқарушылар азаматтарды жағаға аман-есен жеткізді. Медициналық көмек қажет болған жоқ.

ТЖМ азаматтарды судағы қауіпсіздік қағидаларын қатаң сақтауға шақырады.