Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған атыс қаруы табылды

0
211

Қару Үлкен Алматы каналының жанындағы бос ғимараттың ішіне жасырылған.


Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған атыс қаруы табылды

фото: Polisia.kz

ERNUR.KZ. Алматыда полицейлер ұрланған қару жасырылған орынды анықтады, деп жазады sputnik.kz.
Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде жоғалған атыс қаруы табылды.
"Алматы қаласының Жетісу ауданында Жансүгіров көшесінің бойындағы Үлкен Алматы каналының жанындағы бос ғимараттың ішінде тегіс ұңғылы 12 калибрлі атыс қаруы табылды", - деп жазды ведомство.
Табылған атыс қаруын криминалдық және ұрланған қарулар базасынан сериялық нөмірімен тексеру барысында жоғалған қару екені расталды.
Бұл қару 2022 жылы қаңтарда Алматының Сейфуллин көшесіндегі "Оружейник" дүкенінен алынған.
Қазіргі уақытта Қазақстан Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.