"Қаншама былық ашылып жатыр": Бельгиялықтар асырап алған Жәнібектің ісін қолға алған заңгер мәлімдеме жасады

0
224

Мейірман Шекеев бұл жағдайға қатысты Қазақстанда қылмыстық іс ашылып, тергеу басталғанын айтты.


ERNUR.KZ. Бельгиялықтар асырап алған Жәнібектің ісін қолға алған заңгер Мейірман Шекеев әлеуметтік желіде мәлімдеме жасады, деп жазады baq.kz.

Мейірман Шекеев бұл жағдайға қатысты Қазақстанда қылмыстық іс ашылып, тергеу басталғанын айтты.

Жәнібек – Бельгияда асырап алынған қазақ баласы. Кейінірек анықталып жатқандай бала заңсыз сатылған сияқты. Құжаттармен танысу барысында қаншама былықтар ашылып жатыр. Жәнібектің алғашқы келіп биологиялық анасын табу мақсаты нәтижесіз болған. Қазір іздеу жұмыстары жалғасуда, кейбір ДНҚ тестілеулері жасалғанымен нақты нәтижеге қол жеткізілмеген. Сонымен қатар, бұл жағдайға қатысты Қазақстанда қылмыстық іс ашылып, тергеу басталды, - дейді заңгер.

Айта кетейік, бельгиялық отбасы асырап алған Жәнібектің шын есімі Мұрат Савелиев.

Жәнібек – бельгиялық отбасы асырап алған этникалық қазақ.

Ол 2023 жылдың соңында Бельгиядан Қазақстанға туған анасын іздеп келген болатын. Бірақ, әздеу нәтижелері әзірге ешқандай нәтиже бермеді. Шетелде жүрген қазақ баласы туған анасын әлі тапқан жоқ.

Оның Қазақстаннан заңсыз жолмен шетелге асырауға берілгені туралы күдік 2024 жылдан бері қоғамды алаңдатып келеді.

Еске салайық, 2024 жылғы 31 қаңтарда ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабы, 3-бөлігі – Кәмелетке толмағандар саудасы, оның ішінде: кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге әкету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.