Матч 30 қыркүйекте Алматыдағы орталық стадионда өтеді.
ERNUR.KZ. «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчына билеттер матчқа 10 күн қалғанда сатылады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында журналистердің сұрақтарына берген жауабында туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев мәлімдеді.
Вице-министр атап өткендей, бүгінде «Қайрат» футбол клубымен тікелей келіссөздер жүргізіліп жатыр. Билеттерді сату құқығы «Қайратқа» тиесілі, өйткені клуб негізгі тарап болып табылады.
«Бүгінгі таңда бізде сатылымның басталуы матчтан 10 күн бұрын басталады деген ақпарат бар. Яғни, егер ойын 30-да өтетін болса, онда билеттер 20 қыркүйекте сатыла басталады», — деді спикер.
Серік Жарасбаев билеттерді сату құқығы толығымен «Қайрат» футбол клубына тиесілі екенін айтты.
«Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, барлық азаматты тексерілмеген дереккөздерге сенбеуге шақыраын. Билеттерді сатудың ресми көзі тек «Қайрат» клубының сайты немесе оның әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттары болады», – деді вице-министр.
Сондай-ақ спикер билеттердің бағасы әлі анықталмағанын атап өтті. Оның айтуынша, бағаны клуб сұранысқа қарай қалыптастырады.
Естеріңізге сала кетейік, матч 30 қыркүйекте Алматыдағы орталық стадионда өтеді.