Жобаны іске асыруға 1,1 млрд теңгеден астам қаржы бағытталған.
Фото: gestra.com
ERNUR.KZ. "Интер Мульти Сервис" ЖШС қағаз жасау машинасын жаңғыртып, өндірістік қуатын жылына 50,4 мың тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отыр, деп жазады inbusiness.kz.
Жобаның құны 1,1 млрд теңгеден асады. Қазір кәсіпорынға бояу жабдығы жеткізіліп, оны орнатуға дайындық жүргізілуде. Сондай-ақ жаңа қағаз жасау машинасын жеткізу күтілуде.
Өндірістік желіні жаңғырту жұмыстарын 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.


