Іле Алатауында үш Үнді жайрасы фототұзаққа түсті

0
144

Қыста қар аз түсетін, шөбі қалың оңтүстік беткейлерде қыстап шығады.​


Іле Алатауында үш Үнді жайрасы фототұзаққа түсті

ERNUR.KZ. Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында орнатылған кезекті фототұзаққа ҚР Қызыл кітабына енген Үнді жайрасының (Hystrix indica) 3 дарағының күндізгі уақытта түсті, деп жазады Zakon.kz.


Парктің хабарлауынша, бұл сирек кеміргіш Ұлттық парктің батыс бөлігінде мекендейді және еліміздің Қызыл кітабының IV санатына енгізілген. Қазақстан фаунасында жайра тұқымдасының жалғыз өкілі болғандықтан, оны қорғау – аса маңызды міндет.Бұл жануар теңіз деңгейінен шамамен 1200-1700 метр биіктікте орналасқан жапырақты ормандарды мекендейді. Қыста қар аз түсетін, шөбі қалың оңтүстік беткейлерде қыстап шығады.

"Тасты аңғарлардағы қуыстарды немесе өзі қазған індерді паналайды және көбіне түнде белсенді болады. Негізгі қорегі — өсімдіктер, тамыр-түйнектер, жеміс пен тұқымдар. Көктемде көбейеді, ал қыста ұйқыға жатпайды, тек белсенділігі азаяды", – делінген хабарламада.

Бүгінде парк аумағында 32 дарақ есепке алынған.