Оқиға орнында болған тергеуші мен криминалист ізін суытқан көліктің солтүстік бағыттан келгенін анықтады.
Сурет: Zakon.kz
Куәгерлерден келіп түскен телефон қоңырауынан кейін оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел аттанды. Олар ер адамның өлімін, оқиға орнында көлік ізі барын растады.
Сондай-ақ, оқиға орнында болған тергеуші мен криминалист ізін суытқан көліктің солтүстік бағыттан келгенін анықтады. Демек, көлік таудан төмен қарай ылдилап, Алматыға қарай бет алған.
Сондай-ақ, оқиға орнынан көк түсті бояудағы сынықтар табылды. Олар жол бойында шашылып жатқан жерінен теріліп алынды.
Қазір іздестіру бөлімінің қызметкерлері жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен көк түсті көлікті іздеумен айналысуда.
Ер адамның жанында құжаттары жоқ. Бірақ біраз уақыттан кейін полиция қызметкерлері марқұмның жеке басын анықтады.

Сурет: Zakon.kz
Енді аталған жол апатына қатысты барлық жағдайларды анықтаумен Алматы қаласы бойынша анықтаушылар мен криминалистер айналысатын болады.


