Германиядағы қазақстандық судьяның өлімі: Күдіктілер Мәскеуде ұсталды

0
82


Германиядағы қазақстандық судьяның өлімі: Күдіктілер Мәскеуде ұсталды

Фото: Әлеуметтік желіден

ERNUR.KZ. Германияда қаза тапқан бұрынғы судья Айгүл Сайлыбаеваның туған ағасы оның күйеуі мен қайын енесінің ұсталғанын хабарлады, деп жазады stan.kz.

Әлеуметтік желілерде Айгүлдің туған ағасы Қанат Сайлыбаев Александр мен Наталья Донцовтардың Мәскеуде ұсталғанын жазды.

"Александр Донцов пен оның анасы Натальяның анықталып, Мәскеуде полицияға жеткізілгені туралы ақпарат түсті. Қазір оларды Қазақстанға экстрадициялау мүмкіндігі қарастырылуда. Дипломатиялық қиындықтар мен бірнеше азаматтықтың болуын ескерсек, барлық рәсімдер ұзақ уақыт алуы мүмкін", – делінген жазбада.

Берілген мәліметке сәйкес, Айгүлдің өліміне күдікті тұлғалар 23 желтоқсанда ұсталған.

Айта кетейік, 2024 жылдың маусым айында Айгүл Сайлыбаеваның денесі Германияның Бенсхайм қаласының маңынан табылды.

Судьяның денесі табылғанға дейін оның Германияда із-түссіз жоғалып кеткенін хабарланған. Ол Бенсхайм қаласында күйеуі, қызы және енесімен бірге тұрған. 4 маусым күні таңертең Сайлыбаева қызын балабақшаға алып кеткен. Содан кейін оны ешкім көрмеген.

16 маусым күні оның денесі қала шетіндегі Эрлаче карьерінен табылды. Мәйіт полиэтилен пакетте болған. Әйел өлтірілмес бұрын зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Кейін Сайлыбаеваның өлімін 35 тергеуші тексерді. Әйелдің үйіне тінту жүргізілді.