Қол жүгінің өлшемдері өзгеріссіз қалады: 56 x 23 x 36 см.
ERNUR.KZ. FlyArystan 2026 жылдың 1 наурызынан бастап тегін қол жүгін тасымалдау нормасын 7 келіге дейін арттырды, деп жазады stan.kz.
Қазақстандық FlyArystan әуе компаниясы 1 наурыздан бастап қол жүгін тасымалдау нормасын қазіргі 5 келіден 7 келіге дейін арттырады. Қол жүгінің өлшемдері өзгеріссіз қалады: 56 x 23 x 36 см.
Әуе компаниясының мәліметінше, бұл шешім нарықты талдауға, соның ішінде сұранысты, операциялық процестерді және басқа тасымалдаушылардың тәжірибесін зерттеуге негізделген.
Жаңа ережелер 2026 жылдың наурыз айынан бастап рейстерге берілген барлық билеттерге, оларды сатып алу күніне қарамастан қолданылады. 2026 жылдың 28 ақпанына дейінгі рейстер ескі ережелер бойынша 5 келі шектеуімен жұмыс істей береді.
FlyArystan өзінің one-piece concept тұжырымдамасын сақтайды. Әрбір жолаушыға белгіленген салмақ пен өлшем шектеулеріне сәйкес келетін бір қол жүгін алып жүруге рұқсат етіледі.


