Ержан Бабақұмаровты өлтірген адамға сот үкімі шықты

0
75

Үкім заңды күшіне енді.


Ержан Бабақұмаровты өлтірген адамға сот үкімі шықты

© Sputnik / Тимур Батыршин

ERNUR.KZ. Алматы әкімінің бұрыңғы орынбасары Ержан Бабақұмаровты өлтірген адамға сот үкімі шықты, деп жазады sputnik.kz.
Іс Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Сот жабық өтті.
"Сотталушы Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша кінәлі деп танылды. Ол 11 жылға бас бостандығынан айырылды", - дейді сот.
Үкім заңды күшіне енді.
Еске сала кетейік, былтыр қазан айында Ержан Бабақұмаровты өлтіріп кетті.Полиция оның танысының қолынан ажал құшқанын айтты. Қайғылы жағдайға жанжал мен төбелес себеп болған.