Еркебұлан Тоқтар балағат сөз айтқаны үшін жазаланды

0
196

Прокуратура қызметкерлері әлеуметтік желіде спортшы балағат сөз айтқан видеоны анықтаған.


Еркебұлан Тоқтар балағат сөз айтқаны үшін жазаланды

Фото: instagram.com/Erkebulan_Toktar

ERNUR.KZ. Танымал ММА файтері Еркебұлан Тоқтар балағат сөз айтқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп жазады tengrisport.kz.

Ведомствоның мәліметінше, прокуратура қызметкерлері әлеуметтік желіде спортшы балағат сөз айтқан видеоны анықтаған.

Материалдарды Алматының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты қарады. Тоқтар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша кінәлі деп танылды.

Сот оған 20 АЕК (2026 жылы 86 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салды.

Алматы прокуратурасы танымалдылық жауапкершіліктен босатпайтынын атап өтті.

Еркебұлан Тоқтар - актер әрі файтер

Еркебұлан Тоқтар - ұзақ уақыт поп-ММА-де өнер көрсетіп, кейін кәсіпқой ММА-ге ауысқан актер. Бүгінде оның рекорды - 11-3.

2025 жылдың желтоқсанында ол бокс ережесі бойынша алғашқы жекпе-жегін өткізіп, қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірген болатын.