Еліміздегі алғашқы автомобиль туннелі қашан пайдалануға беріледі

0
296

Қазір бейнебақылау және газ құбырларын өткізу, желдету мен өртке қарсы құрал-жабдықтар орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Еліміздегі алғашқы автомобиль туннелі қашан пайдалануға беріледі

ERNUR.KZ. Көлік министрлігі Түркістан облысындағы Шақпақ баба асуында салынып жатқан еліміздегі алғашқы автомобиль туннелінің құрылысы қашан аяқталатынын хабарлады, деп жазады sputnik.kz.

"Биыл жазда Шақпақ баба асуы арқылы өтетін туннельдің құрылысын аяқтап, халыққа пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бетон және асфальтбетон жұмыстары толығымен аяқталды, сондай-ақ жарықтандыру орнатылды", - деп атап өтті автомобиль жолдары комитетінің өкілдері.

Шақпақ баба асуындағы автомобиль туннелі
Шақпақ баба асуындағы автомобиль туннелі - Sputnik Қазақстан
Ведомствоның мәліметінше қазір бейнебақылау және газ құбырларын өткізу, желдету мен өртке қарсы құрал-жабдықтар орнату жұмыстары жүргізілуде. Басты жұмыстар аяқталды.
Ашылғалы жатқан туннель көлік жүргізушілеріне Шақпақ баба асуында боранды күндері қар құрсауында қалып кетпеуіне жағдай жасайды.