Елімізде төрт күндік жұмыс аптасы енгізілуі мүмкін

0
98

Алайда бұл өзгеріс әзірге барлық салаға бірдей енгізілмейді.


Елімізде төрт күндік жұмыс аптасы енгізілуі мүмкін

Фото: weproject.media

ERNUR.KZ. Өзгеріс тек жекелеген бағыттарда пилоттық жоба ретінде жүзеге асырылады, деп жазады inbusiness.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мұндай жұмыс кестесін енгізу мүмкіндігі қолданыстағы заңнамада қарастырылғанын айтты.

Оның сөзінше, төрт күндік жұмыс аптасына көшу туралы шешім жұмыс беруші мен қызметкерлердің өзара келісімі негізінде, ұйым қызметінің ерекшелігі ескеріле отырып қабылданады.

Алғаш болып жаңа жұмыс тәртібіне көшетін кәсіпорындар бұл тәжірибенің тиімділігін көрсететін пилоттық алаңға айналады. Кейін оның нәтижесіне қарай төрт күндік жұмыс аптасын экономиканың басқа салаларына да кезең-кезеңімен енгізу мүмкіндігі қарастырылады.