Елімізде бірқатар мемлекеттік ұйым қайта құрылады

0
94

Үкімет мемлекеттік басқару жүйесін оңтайландыруға бағытталған №604 қаулыны қабылдады.


Елімізде бірқатар мемлекеттік ұйым қайта құрылады

Фото: primeminister.kz

ERNUR.KZ. Қаулының негізгі бөлігі 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді, деп жазады inbusiness.kz.

Кейбір нормалар 2027-2028 жылдары кезең-кезеңімен енгізіледі.

Құжатқа сәйкес, бірқатар мемлекеттік ұйым біріктіріліп, қайта ұйымдастырылады. Мәселен, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы "Қазақфильмге", ал "Камерата Қазақстан" ансамблі Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясына қосылады.

ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты үш ұйым Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының құрамына өтеді.

Денсаулық сақтау жүйесінде Республикалық қан орталығы Ғылыми-өндірістік трансфузиология орталығымен біріктіріледі. Сонымен қатар "Talap" КЕАҚ, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты және "Достық Энерго" АҚ толық таратылады.