Бүгінде заң бойынша батареяның сыйымдылығы 250 Ваттан, ал жылдамдығы сағатына 25 шақырымнан асатын көлік құралдары тіркеуге қойылуы шарт.
© Sputnik / Владислав Воднев
ERNUR.KZ. Алматы қаласының полициясы электрвелосипедтерді тіркеу қажеттігін еске салды, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Бүгінде заң бойынша батареяның сыйымдылығы 250 Ваттан, ал жылдамдығы сағатына 25 шақырымнан асатын көлік құралдары тіркеуге қойылуы шарт. Оны жүргізетін адамдарда А1, А немесе В категориясы болуы қажет.
"Мопедтерді тіркеу науқаны басталғаннан кейін көбісі сондай электрвелосипедтерге ауысып, жол ережесін бұзуды жалғастырды, тротуармен де жүре береді. Электрвелосипедтер қосымша батареясы бар көлік құралына жатады. Иә, бұл - экологиялық көліктің түрі. Дегенмен міндетті тіркеуге жатады", - деді процессинг орталығының бастығы Айдын Меркімбаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Айта кетері, мопедтерді қалай тіркесе, электрвелосипедтерді тура солай есепке қояды. Тәртібі:
техникалық байқаудан өту;
VIN-код алу;
тіркеуге тұрып, техникалық төлқұжат алу.
Ал электрвелосипедтерді тіркеусіз жүргізгені үшін айыппұл қарастырылған. Оның көлемі – 39 320 теңге.