Елдегі банктер өз қызметкерлерінің адам ұрлығына қатысы бар деген ақпаратқа жауап берді

0
110

Қаржы институттары құқық қорғау органдарынан мұндай ақпарат алмағанын хабарлады.


Елдегі банктер өз қызметкерлерінің адам ұрлығына қатысы бар деген ақпаратқа жауап берді

© Sputnik / Болат Шайхинов

ERNUR.KZ. Қазақстанның төрт банкі Қаржыгерлер қауымдастығының қолдауымен Бас прокуратураның қаржы институттары қызметкерлерінен құралған ұйымдасқан қылмыстық топ туралы ақпаратына жауап ретінде бірлескен мәлімдеме жариялады, деп жазады sputnik.kz.
"Банктерге прокуратурадан олардың бұрынғы немесе қазіргі қызметкерлерінің мұндай қылмыс бойынша тергеліп жатқаны туралы ресми хабарлама түскен жоқ. Қазіргі уақытта банктер осы іс бойынша ақпарат беруді сұрап прокуратураға хабарласады. Дәл қазір банктер бұрынғы немесе қазіргі қызметкерлерінің осы қылмыстық іске қатысы бар-жоғынан бейхабар", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ олар жарияланған ақпаратты растайтын ресми құжаттарды алғаннан кейін барлық банк құқық қорғау органдарына клиенттердің құқықтары мен мүдделеріне зиян келтірілгенін тексеруге барынша көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.
Қаржы ұйымдарының мәлімдемесінде банктердің барлығы өздерінің іскерлік беделін бағалайтыны және олар өз қызметін заңнамағаа және басқа да тиісті халықаралық шарттарға сәйкес атқаратыны айтылған.
Олар құқық қорғау және қадағалау органдарын қаржы институттарының беделіне нұқсан келтіруі мүмкін жария мәлімдемелерге сақтықпен қарауға шақырды.