1 жылдың ішінде 4 мың бала балалар үйіне немесе бейімдеу орталықтарына келіп түседі.
ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева «Jibek Joly» телеарнасындағы «Уәде» бағдарламасына сұхбат берді.
Сұхбат барысында ол елімізде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың саны өсіп келе жатқанын айтты.
Динара Зәкиеваның айтуынша, «Қазіргі таңда елімізде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 115 мекеме бар. Жалпы осы мекемелерде 4 мыңнан астам бала тұрады. Ал жалпы Қазақстанда жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 22 мың бала бар. Оның ішінде 17 мың бала қамқоршылықта, патронаттық тәрбиеде және туыстарымен тұрады».
Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің сөзінше, 1 жылдың ішінде 4 мың бала балалар үйіне немесе бейімдеу орталықтарына келіп түседі.
Ал осы жылы бұл сан 4 мыңнан асты.