Былтыр Қазақстанда орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жақындады – Тоқаев

0
123

Президент: Кейінгі жеті жылда еліміз бойынша 1300-ге жуық денсаулық сақтау нысаны салынды.


Былтыр Қазақстанда орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жақындады – Тоқаев

фото: Ақорда

Мемлекет басшысы денсаулық сақтау саласындағы жетістіктерге тоқталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Баршаңызға белгілі, мемлекет медицина саласын дамытуға әрдайым баса назар аударады. Қазір де осы бағытта ауқымды жұмыс істеліп жатыр. Нақты нәтижелер бар.

Былтыр еліміз бойынша азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жақындады. Соңғы үш жылда ана өлімі 35 пайызға, ал сәби өлімі 24 пайызға қысқарды. Бұл – Тәуелсіздік жылдарындағы ең төменгі көрсеткіш.

Кейінгі жеті жылда еліміз бойынша 1300-ге жуық денсаулық сақтау нысаны салынды.

Медициналық сақтандыру саласы да заман талабына сай жаңғыртылды
», деді Мемлекет басшысы.