Бурабайдағы қонақүйлердің бірінен өрт шықты (ВИДЕО)

0
248

Мамандардың алдын ала болжамына сәйкес, өрттің шығуына электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы себеп болған.


Бурабайдағы қонақүйлердің бірінен өрт шықты (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Ақмола облысы Бурабай кентіндегі қонақүй кешендерінің бірінде ірі өрт шықты. Қонақүйдің жанында жеке тұрған екі қабатты кір жуатын ғимараттың бірінші қабаты қызыл жалынға оранды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткенге дейін қонақүйдің бір қызметкері қауіпсіз жерге өзі эвакуацияланып үлгерген. Шақырту бойынша ТЖМ күштері мен техникасы жедел келіп жетті.

Өрт сөндірушілердің үйлесімді іс-қимылының арқасында тілсіз жау одан ары таралмай, 50 шаршы метр аумақта қысқа мерзімде ауыздықталды. Айта кету керек, ғимараттың жалпы ауданы 80 шаршы метрді құрайды. Құтқарушылардың жеделдігі жалынның көршілес орналасқан негізгі отель ғимаратына өтіп кетуіне жол бермеді.

Ресми мәлімет бойынша, оқиғадан зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Мамандардың алдын ала болжамына сәйкес, өрттің шығуына электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы себеп болған.

ТЖМ азаматтар мен кәсіпкерлік нысан иелерін өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.