Квадроциклдерді жалға беру пунктінің қызметі тексеріліп жатыр.
CC0 / IgorShubin /
ERNUR.KZ. Ақмола облысы Бурабай ауданында квадроцикл мінген қыз жол апатына түсті, деп жазады sputnik.kz.
7 шілдеде Зеленый Бор және Бурабай ауылдары арасындағы автожолда Астананың 22 жастағы тұрғыны квадроциклді басқарып келе жатып, аударылған.
"Алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Квадроцикл жолаушысы — 2007 жылы туған елорда тұрғыны. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды", - дейді полиция.
Қазіргі уақытта квадроциклдерді жалға беру пунктінің қызметі тексеріліп жатыр. Полиция мототехниканы жалға беру кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталуы, сондай-ақ қайғылы жағдайға әкеп соққан басқа да ықтимал себептерді анықтау үстінде.


