Ол 13 желтоқсан күні 57 жастағы ер адаммен бірге Бұқар қыстағынан мал бағуға кеткеннен оралмаған.
Фото: Ағыбай Аяпбргенов / Kazinform
ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында боран кезінде барлығы төрт адамның көз жұмғаны белгілі болды, деп жазады inform.kz.
Жәнібек ауданы әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, Күйгенкөл ауылдық округінде бүгін сағат 15.57-де Жасқайрат ауылынан 10 шақырым жерде 59 жастағы ер адамның мүрдесі табылды.
Ол 13 желтоқсан күні 57 жастағы ер адаммен бірге Бұқар қыстағынан мал бағуға кеткеннен оралмаған.
БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің нақтылауынша, бұған дейін үш адамның мүрдесі табылған еді. Олар әр түрлі жағдаймен осындай жағдайға ұшыраған. Бірі мал іздеуге шықса, бірі адасып кеткен.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да боранда жоғалып кеткен үш адамның денесі табылғанын жазған болатынбыз.


