Барлық бағытқа “қызыл“: Астанада бағдаршамдардың жұмыс режимі өзгертілді

0
61

Енді барлық бағыт үшін бағдаршамның қызыл түсі 4 секундқа бір мезетте жанады.


Барлық бағытқа “қызыл“: Астанада бағдаршамдардың жұмыс режимі өзгертілді

Фото:depositphotos.com

ERNUR.KZ. Астанада жеті көше қиылысында бағдаршамдардың жұмыс режимі өзгертілді, - деп жазады tengrinews.kz.

Өзгеріс енгізілген бағдаршамдар тізімі:

  • Керей, Жәнібек хандар – Әл-Фараби;
  • Рысқұлов – Мәңгілік ел;
  • Сұлтан Бейбарыс (№106 мектеп маңы);
  • Құсмұрын – Қайнар (№68 мектеп маңы);
  • Қараменде би Шақаұлы – Земляничная;
  • Тәуелсіздік – Қошқарбаев;
  • Тәуелсіздік – Байтұрсынов.

Полиция мәліметінше, осы қиылыстарда енді барлық бағыт үшін бағдаршамның қызыл түсі 4 секундқа бір мезетте жанады. Бұл маневрді қауіпсіз аяқтап, қиылыстан толық шығуға мүмкіндік береді.

Жүргізілген талдауға сәйкес, бағдаршамдарың жұмыс режимін түзеткеннен кейін жол-көлік оқиғалары азайған.