68 жастағы ер адам жұбайымен бірге балық аулауға барған.
ERNUR.KZ. Қарағанды облысында балық аулауға барған зейнеткер ерлі-зайыптының біреуі суға батып кетті, деп жазады sputnik.kz.
Қайғылы оқиға 10 ақпанда Абай ауданындағы Топар ауылында болған. 68 жастағы ер адам жұбайымен бірге балық аулауға барған. Екеуі көлікпен мұзға шықты. Сол кезде мұз жарылып, көлік суға батып кетті. Ер адам өзі шығып үлгерген, бірақ жұбайын құтқара алмады.
Құтқарушылар 63 жастағы әйелдің денесін бір тәулік бойы іздеген.
Бүгін таңғы уақытта сүңгуірлер оның денесін 7 метр тереңдікте көліктен төрт мерт шалғай жерден тапты.
Төтенше жағдайлар департаменті қыста көлікпен мұздың үстіне шығуға болмайтынын тағы бір рет ескертті.


