Тікелей әуе рейсі осы жылдың маусымнан тамызына дейін қатынайды.
фото: Министерство транспорта Казахстана
ERNUR.KZ. Балқаштан Алматы мен Астанаға жаңа әуе бағыттары ашылады, деп жазады sputnik.kz.
"Алматы – Балқаш – Алматы" бағыты бойынша тікелей әуе рейсі осы жылдың маусымнан тамызына дейін іске қосылады.
"Ұшуларды аптасына бес рет SCAT Airlines әуе компаниясы орындайды. Бағытта 50 жолаушыға дейін сыятын CRJ 200 әуе кемелері пайдаланылады", - деп жазылған хабарламада.
Бір бағыттағы әуе билеттерінің құны – 16 мың теңге.
Сонымен қатар, осы кезеңде "Астана – Балқаш – Астана" бағыты бойынша күн сайынғы әуе қатынасы болады. Тасымалдаушы ретінде Qazaq Air әуе компаниясы қызмет көрсетеді.
"Бұл бағытта 78-ден 86 жолаушыға дейін сыйымдылығы бар Bombardier Q-400 ұшақтары қолданылады. Бір бағытқа билет бағасы 16 000 теңгені құрайды", - дейді әкімдікте.
Аталған екі бағыт та мемлекет тарапынан субсидияланады.


