Балқаш көлінде қайықтағы 6 адам құтқарылды

0
676

Қайық техникалық ақауға байланысты тоқтап, алты адам жағаға жете алмай қалған.


Балқаш көлінде қайықтағы 6 адам құтқарылды

ERNUR.KZ. Қарағанды облысының Приозерск қаласында Балқаш көлінде техникалық ақауға байланысты моторлы қайық тоқтап қалған, деп жазады inbusiness.kz.

Қайықтағы алты адам, оның ішінде екі бала, өздігінен жағаға жете алмаған.

Оқиға орнына келген Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел-құтқару жасағы қайықты жағаға дейін сүйреп жеткізді. Барлық адам аман-есен жағаға шығарылды. Медициналық көмек қажет болмаған.

ТЖМ суға шығар алдында жүзу құралдарының техникалық жағдайын тексеріп, су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді.