Биыл мектептер мен мектептен тыс ұйымдар жанында 10 мыңнан астам орталық жыл бойы жұмыс істейді.
фото: Қостанай облысының әкімдігі
ERNUR.KZ. Ішкі істер министрлігі мен Оқу-ағарту министрлігі балалар сауықтыру лагерлері қызметкерлерінің құрамына тексеру жүргізеді, деп жазады sputnik.kz.
10 мамырға дейін тамақтанудың жаңа стандарты бойынша балалар сауықтыру ұйымдары үшін мәзір нұсқалары әзірленеді.
"Биылғы демалыс іс-шаралары 3,2 млн баланы қамтиды, бұл оқушылардың жалпы санының 86,2%-і", - деп жазылған хабарламада.
Жыл бойы 20 орталық, 179 маусымдық орталық, сондай-ақ мектептер мен мектептен тыс ұйымдар жанындағы 10 мыңнан астам орталық жұмыс істейді.
Сондай-ақ оқушылардың 97%-ін "пайдалы қызмет түрлерімен" қамту жоспарлануда. Бұл үшін шығармашылық, спорттық, туристік, зияткерлік және еңбек бағдарламалары ашылды. Бұл туралы балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру жөніндегі отырыста айтылды.


