Азаматтардың әл-ауқатын арттыру: Тоқаев мемлекеттің басты мақсатын атады

0
196

Бұл туралы Мемлекет басшысы Парламент палаталарының бірлескен отырысында айтты.


Азаматтардың әл-ауқатын арттыру: Тоқаев мемлекеттің басты мақсатын атады

ERNUR.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев күшейе түскен қауіптер мен сын-қатерлер аясында Қазақстанға батыл іс-қимылдар қажет екенін мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.

"Біздің басты мақсатымыз - азаматтардың әл-ауқатын арттыру, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту арқылы бұл оң үрдісті қайтымсыз ету. Сондықтан біздің қол қусырып отыруға құқығымыз жоқ", - деді Тоқаев.

Президент ауқымды әрі күрделі міндеттерді іске асыру үшін "табанды және нәтижелі" жұмыс істеу қажеттігін атап өтті.

"Қазіргі кезеңде бірлескен жұмысымызды қорытындылап, алдағы даму жоспарын айқындау қажет деп санаймын", - деді Мемлекет басшысы.

Тоқаев мемлекеттік биліктің жаңа архитектурасын қалыптастыру мәселесіне жеке тоқталды. Оның айтуынша, осы шақырылымдағы Парламент заң шығару жұмысының жоғары сапасымен және депутаттық корпустың бұрын-соңды болмаған нәтижелілігімен есте қалады.

"Сіздер Әділетті Қазақстанды құру үдерісіне, сондай-ақ Конституцияны әзірлеу мен қабылдауға айрықша үлес қостыңыздар. Сіздердің әрқайсысыңыз дерлік болашақ саясаткерлер мен қоғам қайраткерлеріне, балаларыңыз бен немерелеріңізге: "Маған 2026 жылғы Конституцияны әзірлеу жұмысына тікелей қатысу бақыты бұйырды", - деп айта аласыздар", - деді Президент.