Сот оның енесіне ескерту жасаған.
Фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. Қызылорда облысы Қазалы аудандық соты келіні мен енесіне қатысты әкімшілік істі қараған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Аудандық соттың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, сотқа арызданған келіншек енесінің оған жаман сөздер айтқанын негіз еткен.
«Сот анықтағандай, енесі келінін сыйламай, оған былапыт сөздер айтып, үйдегі тыныштықты бұзған. Жәбір көрген келіншек енесі тарапынан ауыр сөздерді көтере алмай арыз түсіргендігін айтып, оған жаза қолдануды сұраған», - деп хабарлайды Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі.
Сотта енесінің кінәсі толық дәлелденген. Қазалы соты әйелді әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73 бабы, 1-бөлігі бойынша кінәлі деп тауып, ескерту жасаған.