Әуе шарының кесірінен Ташкенттің бірқатар ауданы жарықсыз қалды

0
86


Әуе шарының кесірінен Ташкенттің бірқатар ауданы жарықсыз қалды

ERNUR.KZ. Өзбекстан астанасы Ташкентте электр қуаты жаппай өшті, деп хабарлайды Zakon.kz.


Оқиға 2026 жылғы 19 қазанда кешке болған. Елдің Энергетика министрлігінің мәліметінше, сағат 19:05-те Қыбырай ауданындағы "Aksa Tashkent" жылу электр станциясында трансформатордың қорғаныс жүйесі іске қосылған. Соның салдарынан станциядағы электр энергиясын өндіру қуаты 460 МВт-тан 185 МВт-қа дейін төмендеген.

"Осыған байланысты Юнусабад, Алмазар, Мирзо-Ұлықбек және Шайхантахур аудандарының кейбір бөліктерінде электрмен жабдықтау уақытша үзілді. Жедел қабылданған шаралардың арқасында сағат 19:09-ға қарай Юнусабад пен Алмазар аудандарында электрмен жабдықтау ішінара қалпына келтірілді. Сағат 19:25-ке қарай резервтік көздерді пайдалану арқылы электр қуаты толық берілді", – делінген хабарламада.

Кейін министрлік электр қуатының өшуіне станцияның ашық тарату құрылғысы аумағына ұшып кірген әуе шары себеп болғанын хабарлады. Соның салдарынан қорғаныс жүйесі іске қосылып, электр қуатын беру тоқтаған.

2026 жылғы 25 қыркүйекте Алматы мен Алматы облысында да электр қуаты жаппай өшкен еді. KEGOC компаниясы бұған Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі технологиялық бұзылыс себеп болғанын хабарлады. Өзбекстанның энергия жүйесінде 1 516 МВт өндіруші қуат ажыратылғаннан кейін Орталық Азия энергия жүйесі тарапынан қуат ағыны күрт артқан. Бұл "Солтүстік – Оңтүстік" электр транзитінің бөлінуіне әкелген.