Атыраудағы сот: Прокурор Сәрсемәлиевке өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұрады

0
129

​Сұлтан Сәрсемәлиев Наурыз Мұқанғалиевті қасақана өлтірді деген айыпты мойындамаған.


Атыраудағы сот: Прокурор Сәрсемәлиевке өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұрады

фото:baq.kz.

ERNUR.KZ. Атырау облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында төрт адамның өліміне қатысты резонанс тудырған іс бойынша сот жарыссөзі басталды, деп жазады baq.kz.

Айыпталушы Сұлтан Сәрсемәлиев бұрынғы жұбайы Ақбаян Мұқанғалиеваның ата-анасын, туған ағасы мен қарындасын өлтірді деп айыпталып отыр. Қайғылы оқиға 2025 жылдың соңында Атырау облысы Жангелдин ауылында болған.

Сот жарыссөзі барысында мемлекеттік айыптаушы соттан Сұлтан Сәрсемәлиевті өзіне тағылған баптар бойынша кінәлі деп танып, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Прокурордың айтуынша, Қылмыстық кодекстің 58-бабының 4-бөлігіне сәйкес, айыпталушыға түпкілікті жаза ретінде өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын қолдану ұсынылған.

Сонымен қатар, айыптау тарапы соттан айыпталушыдан жәбірленушілерге өтемақы қорына 30 АЕК көлемінде, яғни 129 750 теңге өндіруді, 2 512 128 теңге көлеміндегі процестік шығындарды өтеуді және оған қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын өзгеріссіз қалдыруды сұрады.

Ал Сұлтан Сәрсемәлиев Наурыз Мұқанғалиевті қасақана өлтірді деген айыпты мойындамаған.

Еске салайық, Атырау қаласында елді дүр сілкіндірген қанды қылмысқа қатысты соттың алғашқы отырысы 18 мамырда өтті.

Сотта қанды қылмыс құрбандарының туыстары алғаш рет мәлімдеме жасады.

Сондай-ақ, қаза тапқан отбасының күйеу баласы өз кінәсін толық мойындап, қандай жаза болса да дайын екенін айтқан еді.

Атыраудағы сотта жаңа деректер әшкере болып, тергеу дерегінше мәйіт аулада 8 ай бойы көміліп жатқаны белгілі болды.

Атырауда төрт адамды өлтіру ісі: Басты күдікті Сәрсемәлиевке тағылған айып ауырлай түскенін жазған едік.