Атырауда 5 жасар қыз каналға батып кетті

0
131

Жақындары баладан бірер минутқа көз жазып қалған.


Атырауда 5 жасар қыз каналға батып кетті

Фото: all-rf.com

ERNUR.KZ. Атырау қаласына қарасты Тасқала елдімекенінде 5 жасар қыз каналға батып кетті, деп жазады inbusiness.kz.

Бұл деректі облыстық Полиция департаменті растады.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға 23 маусым 17:00 шамасында болған. Бүлдіршіннің денесі сағат 23:00 шамасында жақын маңдағы каналдан табылды.

Полиция қызметкерлері ата-аналарды балалардың өмірі мен қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарап, оларды қараусыз қалдырмауды ескертті.