Атырау мұнай өңдеу зауытына 6,9 млн теңге айыппұл салынды

0
99

Зауыт өз кінәсін жоққа шығарып, сотқа жүгінді.


Атырау мұнай өңдеу зауытына 6,9 млн теңге айыппұл салынды

фото: Пресс-служба АО "НК "КазМунайГаз"

ERNUR.KZ. Атырау мұнай өңдеу зауытына санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны үшін 6,9 млн теңгеге айыппұл салынды, деп жазады sputnik.kz.
Бұл туралы облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ерболат Омаров брифингте айтты.
Бұдан басқа, Атырау облысының экология департаменті кәсіпорынға қатысты тексеру жүргізеді, оның қорытындылары жақын арада жарияланады.
Алайда зауыт өз кінәсін жоққа шығарып, айыппұл туралы сотқа шағымданды.

Зауытты тексеруге қаңтар айының соңында күкіртті сутегі мен көміртегі тотығы шығарындыларының нормадан 36 есе асып кетуі себеп болған.