Сот отырысы онлайн көрсетіліп жатыр.
Фото: Бейнежазбадан
ERNUR.KZ. Талдықорған қаласында марқұм Шерзат Полаттың ісі бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сотталушының бірі Дархан Әскентайдан жауап алынды, деп жазады inbusiness.kz.
"Бетімді сүртіп бір қарап қалғанда Шерзат келген балалардың біреуін ұрып жіберді. Сол сәтті ғана көрдім. Аяқ асты төбелес басталып кетті. Кім-кімді ұрып жатқанын ол кезде көрген жоқпын", - деді айыпталушы Дархан Әскентай.
Сөзінше, Нұрғанат пен Шерзат жерде жатқан.
"Шерзаттың қасында тек бір бала ғана болды. Ол "жедел жәрдем" деп айғайлап жатты", - деді сотталушы.
Мемлекеттік айыптаушы "Әйел адам не істеді?" деп сұрады.
"Анасы ма білмеймін, бірақ әйел адамды көрдім. Ол "қойыңдар болды, керек емес" деп сол жерде болған 4-5 жігітке айғайлап жатты. Ол жерде мен болдым. Аттарын айта алмаймын. Өйткені танысқан жоқпын, дұрыс көрген де жоқпын", - деді сотталушы.
Прокурор "Сіз ол адамдармен қазір таныссыз ғой" деп сұрағын қайта қойды.
"Мен бұл жігіттерді СИЗО-ға келген кезде және көлікте ғана көрдім. Одан кейін тергеумен анықталатын күні көргенмін. Біз сотқа келетін кезде ғана көрісеміз", - деді Дархан Әскентай.